389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы SOS Қазақстан балалар қалашығының тәрбиеленушілеріне пәтер берілді

  • 241
  • UPD: 16:44, 14.09.2019

Алматыдағы «SOS Қазақстан балалар қалашығының» тәрбиеленушілеріне қаладан екі пәтер берілді. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «SOS Қазақстан балалар қалашығы» Қамқоршылар кеңесінің төрайымы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорының» директоры Динара Құлыбаева көп балалы отбасыларды қоныс тоймен құттықтады. Екі пәтердің көлемі 330 шаршы метрден асады. SOS-ана Жанар Бектұрованың тәрбиесінде қазір сегіз бүлдіршін бар. Бұған дейін 15 баланы аялы алақанынан ұшырыпты. Бүгінгі таңда SOS-отбасыларын қалалық ортаға бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни балалар арнайы қалашықта емес, кәдімгідей елмен бірге өмір сүреді. Бұл жобаның тиімділігі зор дейді мамандар.

Жанар Бектұрова, SOS-ана:

- Бұл жерде апалы-сіңілі, ағалы-інілі, ана-бауырлар ретінде өте жақсы қарым-қатынаста. Бұл жерде сен бөлексің, сен анаусың деген әңгіме болмайды. Өйткені бір-біріне ағайын-туғандай болып кетеді, жақын болып. Есейіп кеткен кезде де олар бір-бірімен бауыр ретінде араласып тұрады. Бауыр ретінде көмектесіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы