389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поляк халқы Ұлы дала тарихымен танысты

  • 243
  • UPD: 15:42, 14.09.2019
Поляк халқы Ұлы дала тарихымен танысты

Қазақстан елшілігі Люблин кітапханасымен бірлесіп еліміздің көрнекті тұлғаларына арналған ірі көрме өткізді. 

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Көрме қонақтары Қазақстан философтары мен жазушыларының еңбектерін және ұлттық әшекейлер, музыкалық аспаптар мен елімізде тұратын халықтардың ұлттық киімдерін көруге мүмкіндік алған. Қазақстан елшілігі Люблин кітапханасына көптеген кітаптар сыйға тартты. Олардың арасында Тұңғыш Президент - Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» туындысы да бар.

Данияр Сейдалиев, Қазақстанның Польшадағы елшілігінің кеңесшісі:

- Көрменің мақсаты – Польша халқына еліміздің тарихи, мәдени және рухани мұрасын насихаттау. Осы көрме арқылы Ұлы Дала тарихын әңгімелеу. Сондай-ақ, поляктар еліміздің саяси және әлеуметтік -экономикалық дамуымен  танысты.

Хабар 24 телеарнасы