389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы «Central Asia’s Got Talent» шоуын көрермен назарына ұсынады

  • 270
«Хабар» арнасы «Central Asia’s Got Talent» шоуын көрермен назарына ұсынады

Осы жексенбі, яғни ертең «Хабар» телеарнасы Орталық Азиядағы ең ауқымды жоба – «Central Asia’s Got Talent», яғни «Орталық Азия таланттарды іздейді» шоуын көрермен назарына ұсынады.

Жоба аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген өнерпаздар бір сахнада бақ сынасады. Бас жүлде – 10 миллион теңге. Бұдан бөлек, төрт елден үздіктер анықталып, қаржылай сыйлыққа ие болады. Шоу 5 кезеңнен тұрады. Айта кетейік, Got Talent – британиялық компанияның өнімі. Авторы – продюсер Саймон Коуэлл. Осы уақытқа дейін бұл форматтағы бағдарлама лицензия арқылы әлемнің 70 елінде жүзеге асқан.

Хабар 24 телеарнасы