389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Әділ Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» кітабы таныстырылды

  • 251
Елордада Әділ Ахметовтың «Ғасыр ғибраты» кітабы таныстырылды

«Ғасыр ғибраты» атауымен бүгін елордада танымал филолог, профессор әрі саясаттанушы Әділ Ахметовтың кітабы таныстырылды.

Жаңарған мәтінде екінші рет басылып шыққан монография 60-тан астам сараптамалық мақаланың жиынтығынан тұрады. Олар үш тарауға бөлінген. Онда Қазақстанның жаһан саясатындағы болмысы мен әлемде болып жатқан саяси жағдайларға қатысты ұстанымы көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, туынды ғылыми орта өкілдерінің ғана емес, шет мемлекеттермен қатынас жасайтын дипломаттар, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттердің де танымын кеңейтуге үлкен үлес қосады.

Хабар 24 телеарнасы