389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 қаңтардан бастап енгізілетін МӘМС жүйесі ел халқының 95% қамтымақ

  • 324
  • UPD: 21:47, 14.09.2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медицинадық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Қазір елімізде осы жаңашылдыққа қатысты қызу пікірталастар жүріп жатыр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңір-өңірді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медициналық мекемелердің дайындығымен танысып жүр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің дайындық мерзімі 2 жылға жалғасты. Министрдің айтуынша, қазіргі техникалық, нормативтік-құқықтық дайындық жоғарғы деңгейде. Жалпы бұл жүйе ел халқының 95 пайызын қамтымақ. 

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Президентіміз айтты: нақты мемлекет кепілденген тегін медициналық көмек қалады. Бүкіл азаматтарға осы Қазақстан тұрғындарына сақтандырылған ба, сақтандырылмаған болса тегін медициналық көмек беріледі. Жедел жәрдем. Алғашқы медициналық көмек поликлиникалардағы дәрігерлердің көмектері. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар-онкологиялық, туберкулез, диабет, қан қысымы. 25 ең жиі кездесетін ауруларды мемлекет өз тарапынан бүкіл азаматтарға беріп тұрады.

Ал сақтандыру жүйесі бойынша әр жеке-тұлға өзі тіркелген емханадан тиісті медициналық көмек алуына құқылы. Министрмен кездескен сала мамандары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Біртановтың айтуынша, қазіргі кезде жаңа жүйемен жұмыс істеуге жекеменшік клиникалар дайын.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Қазіргі күні 1 мыңнан астам түрлі емханалар, ауруханалар біздің сақтандыру қорымен жұмыс жасайды. Бүкіл төлеулер электрондық түрде жүреді. Азаматтарға ешқандай полистер, құжаттар дайындаудың қажеті жоқ. Өзінің ЖСН-і арқылы оның мәртебесін анықтап, күнделікті беріліп жатқан медициналық қызметтерді алуына мүмкіндік болады.

Жалпы Алматыда кепілдендірілген тегін медициналық көмекті 178 мекеме көрсетеді. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру пакетінің арқасында олардың қызмет көрсету аясы кеңейеді.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы