389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда әлеуметтік топтағы отбасыларға тегін көмір беріліп жатыр

  • 174
  • UPD: 07:41, 15.09.2019
Талдықорғанда әлеуметтік топтағы отбасыларға тегін көмір беріліп жатыр

Талдықорғанда көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін көмір беріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырымдылық шарасын қалалық әкімдік демеушілердің есебінен ұйымдастырып отыр. Кәсіпкерлердің бірі қаржылай жәрдемдессе, келесісі көлігімен жеткізіп беру жағын өз мойнына алған. Былтыр 100-ден аса отбасыға осындай көмек көрсетілген болатын. Ал, осы жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған 45 адам 100 тоннадан аса қатты отын алды. Қайырымды жандардың қарайласуымен қысқа қамданғандардың қатарында Гүлшат Жексенова да бар. 6 баланың анасы Талдықорғанның Шығыс ықшамауданында тұрады. Бүгін оның үйіне 2,5 тонна көмір түсірілді.

Гүлшат Жексенова, қала тұрғыны:

- Бір қыста 6-7 тонна көмір жағамыз. Оның бәрін бірден сатып алу қиынға соғады. Мына көмір бізге жаңа жылға дейін жетеді. Қалғанын сол кезде алармыз. Бұл енді үлкен көмек.

Ілияс Ибрагим, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Жалпы жылыту маусымының аяғына дейін 500 тонна көмірмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Және де осы жұмыстар жылыту маусымының аяғына дейін кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы