389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы Сарқан ауданындағы мектептерге мұғалім жетіспейді

  • 270
  • UPD: 09:52, 15.09.2019

Жаңа оқу жылында Алматы облысы Сарқан ауданындағы мектептерге 41 жас маман жұмысқа қабылданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аймақтағы мұғалім жетіспеушілігін біршама жеңілдеткенімен мәселені толықтай шешкен жоқ. Ұстаздар қауымы білім саласындағы көкейкесті проблема жолдаудың жүзеге асуымен ретке келеді деп сенім артып отыр.

Ақылбек Маратханұлы география пәнінің мұғалімі. ЖОО бітірген соң бір жылдай бос жүрген ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасқан. Енді міне, ұстаздық жолын бастап, шәкірт тәрбиелеуге кірісті.

Ақылбек Маратханұлы, география пәнінің мұғалімі:

- Сол жолдауды естіген бетте мен осы Екіаша ауылына жұмысқа келуге бел будым. Себебі жолдауында айтылғандай жас мамандарға өте үлкен көмек көрсетілуде.

Назгүл Беисова, мектеп директоры:

- Қазір жас мамандарға түрлі бағдарламалар ашылып жатыр. «7-20-25», «Дипломмен ауылға», үй алуға, салуға қаражат қарастырылып жатыр, Ауылды жерде қалалық жерге қарағанда 25% үстемақы аламыз. Жаңартылған мазмұнда білім жүйесіне көшкеннен кейін оған да қаражат қосылды.

Екіша ауылындағы мектеп ұжымы биыл 4 жас маманмен толықты. Ал, аудан бойынша 41 адам жаңадан жұмысқа қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсы көрсеткіш. Дегенмен, мұғалім жетіспеушілігі әлі де бар.

Жансерік Бөкенұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы:

- Ауданымызда физика, математика, орыс тілі пәнінің мұғалімі жетіспейді. Осы кемшіліктерді жою үшін ЖОО-мен жұмыс жасап, сұраныстар беріп, жоқ мамандарды толықтыруға тырысып жатырмыз. Жас мамандарға көмектесу үшін 18 жас маманға үстемеақы берілді. Олар көтермеақы алады, сосын пайызсыз несие алады.

Биылғы жолдауда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жаңа деңгейге көтеру тапсырылды. Әрі келесі жылдан бастап қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізу міндеттелді. Мемлекет тарапынан жасалатын бұндай көмек шалғай ауылдардағы маман тапшылығын жоюға ықпал етпек.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы