389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықта көмір отынын қолданатын жылу орталығы салынады

  • 189
  • UPD: 13:43, 15.09.2019
Арқалықта көмір отынын қолданатын жылу орталығы салынады

Жоба құны 8 миллиард 400 млн теңге бағаланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанның қажетті техникалық экономикалық негіздемелері дайын. Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама тағайындалған. Осылайша, қыс мезгілін 50 жыл бойы мазутпен өткерген қала қатты отынға ауысқалы тұр. Себебі, жылда облыс бюджеті үшін мазут қымбатқа түсетін. Биыл оның нарықтағы бір тоннасы 100 мың теңге. Ал көмір Арқалыққа темір жол арқылы Шұбаркөл кенішінен жеткізілмек. Осы бағыттағы шойын жол екі жыл бұрын салынған. Демек, қатты отынды қалаға жеткізуде ешқандай кедергі жоқ.

Ғауез Нұрмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары:

- Жобаға сәйкес жаңа жылу көзі қазіргі мазутты қолданатын орталыққа іргелес орналасады. Ол автономды түрде жұмыс істейді. Егер жаңасының құрылыс жұмыстары созылып кетсе, бұл жылу маусымына кедергі келтірмейді. Сұйық отынды пайдаланатыны қатар жұмыс істей береді.

Хабар 24 телеарнасы