389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде еуропалық әдіспен өсірілген құлпынай сатылымға шықты

  • 188
  • UPD: 14:10, 15.09.2019
Ақтөбеде еуропалық әдіспен өсірілген құлпынай сатылымға шықты

Тың технологиямен жабдықталған жылыжай өнімі жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мемлекеттік қолдау нәтижесінде жүзеге асқан жоба. Құлпынай өсіріп, жергілікті нарықты қамту үшін 700 млн теңге қарастырылған. Нәтижесінде бір гектардан астам алқапқа польшалық әдіспен жидек егілді. Былтыр 40 мың түп көшет отырғызылса, биылғы жазда оның көлемі біраз ұлғайды. Ең бастысы, әдеттегідей жылына тек бір рет емес, мамырдан қарашаға дейін құлпынай жинауға болады. Жоба толық іске асқан кезде бір маусымда мың тоннадан астам өнім алу жоспарда бар. Бұл істі қолға алған кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай жобаның ТМД елдерінде теңдесі жоқ. Алдағы уақытта отандық өніммен республикамыздың батыс аймағы мен көрші елдердің нарығын қамту көзделіп отыр.

Азамат Жексенбиев, кәсіпкер:

- Құлпынайды біз калифорниялық селекциядан егіп жатырмыз. Себебі, Калифорнияның сорттары Ақтөбе өңіріне жақсы келеді. Технологияның ерекшелігібір гектарға 300 мың көшетке дейін егуге болады. Жылыжай болғаннан кейін ыстықты, ылғалды ұстап тұра аламыз. Сол себепті біз егуді ерте бастай аламыз.Осы жылыжайдан ақпан, наурыз айларынан желтоқсан айына дейін өнімді алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы