389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ірілі-ұсақты 130 мың шаруашылық бар

  • 195
  • UPD: 14:36, 15.09.2019

Жыл сайын соның 10-15%-і ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы несиеге қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған өз кәсібін дамытып, өнім көлемін ұлғайтады. Соңғы 7 айда аймақ шаруалары 211 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, республикада 2-орынға шықты. Мұндай жетістікке өңір шаруалары аграрлық салаға беріліп жатқан несие қолдаулар мен мемлекеттің демеуінің арқасында ие болып отыр.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Бұл – Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан жергілікті кәсіпкер Бахадыр Хабибовтың шаруашылығы. Кәсіпкер 2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 62 млн теңгеге 100 бас асыл тұқымды сиыр сатып алған. Ірі қаралар Ресейден әкелініпті. «Зеңгі бабаның әрбір тұқымы тәулігіне 10-15 литрге дейін сүт береді», - дейді ферма басшысы.

Бахадыр Хабибов, шаруашылық басшысы:

- Бұл сиырлар симментал тұқымды. Осы симменталды таңдаған себебім – сүті сапалы және көп өнім береді. Болашақта осы сүт өнімін қала маңындағы сүт цехтарымен келісімшартқа отырып, соларға өткіземіз деген ниетіміз бар.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Ал бұл – жеке кәсіпкер Абдашим Юлдашевтің жылыжайы. Диқан 10 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысады. Алғашында ол бұл кәсіпті өз үйінің ауласындағы 10 соттық жерге қызанақ пен қияр өсіруден бастаған. Кейін несие серіктестігінен 2 рет қаржы алып, кәсібін кеңейткен. Қазіргі таңда 1 га жылыжай салып, өнім көлемін ұлғайтып отыр.

Абдашим Юлдашев, кәсіпкер:

Қызанақ жарты гектарға 12 мың түп егіледі. Одан 70 тонна қызанақ аламын. Қалған жарты гектарына қияр егемін. 18 мың түптен 45 тоннадай қияр шығады. Үлкейтеміз деген ойымыз бар. 3 гектарға дейін жоспарлап отырмыз.

Түркістан облысы соңғы 7 айда 211 млрд теңгенің өнімін өндірген. Сөйтіп, өңір республикада 2-орынға шықты. Мұндай жетістікке аймақ шаруалары аграрлық салаға беріліп жатқан несие қолдаулар мен мемлекеттің демеуінің арқасында ие болған.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы