389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тазарту құрылғыларының құрылысы басталды

  • 193
  • UPD: 16:50, 15.09.2019
Елордада тазарту құрылғыларының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ықшам ауданындағы тазарту құрылғысы құрылысының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мемлекет басшысы қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын.

Жаңадан салынатын тазарту құрылғысының қуаты тәулігіне 40 мыңнан аса текше метрді құрайды. Бұл жауын-шашындық кәріз жүйесінің өткізгіштігін айтарлықтай жақсартады. Қазір сужинақтағыш тоғанды құрғату және жерасты тазарту құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тазарту құрылыстары Ж.Тәшенев, А.Бараев көшелері мен Республика даңғылындағы су басуды болдырмайды. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады. Су басу қаупі басым жерлердегі мәселені шешу үшін 17 нысанның құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сондай-ақ тағы 15 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы