389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында тұрғындар қыс қамын ойлауға асықпай отыр

  • 229
  • UPD: 21:04, 15.09.2019

Елімізде жылыту маусымы басталысымен тұрғындар арасында иіс тиіп улану оқиғасы жиілейді. Мамандар «алдын алып, қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға түсіндірдік» дегенімен жылдағы статистика көңіл көншітпей тұр. Мәселен, Жамбыл облысында жыл басынан бері осындай 8 оқиға тіркелген. Салдарынан 13 адам зардап шегіп, 3 кісі қаза тапқан.

Күз айы түсісімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірінші болып көшелерді аралауға шығады. Жеке сектордағы үйлерге барып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кіріседі. Әрине үй иелері кіргізсе немесе есігін ашса ғана. Қазір де сол жылдағы қалыптасқан шара басталды. Мамандар бүгінгі күнге дейін 300 мәрте рейд ұйымдастырған. Айтуларынша былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда қаза тапқандар саны 3 есеге, ал жарақат алғандар 25 процентке кеміпті. 

Мақсат Әкімбаев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Оқиғалардың басым бөлігі осы тұрғын үй секторындағы аз қамтылған тұрмысы нашар отбасыларының үйлерінде орын алған. Осыған байланысты қазіргі кезде Қордай ауданында 500 мың теңге және Тараз қаласында 1 миллионға жуық теңге қарастырылды. Осы қаржыға автономды газ талдағыштарды алып осы аз қамтылған отбасылардың үйіне орнатсақ осы+ қайғылы оқиғаларға жол бермеуге өзінің ықпалын тигізеді.  

Иіс тиіп улану оқиғалары көп жағдайда көмірмен жанатын пештердің жарамсыздығы мен түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуынан болатын көрінеді. Көмір демекші, жамбылдықтардың жартысынан көбі қысқа көмір алмаған. Қоймаларда «қара отын» үйіліп жатыр. Бірақ жұрттан сұраныс жоқ. Мамандар әдетте науқан күн суығанда басталатындығын айтып отыр.  Ал бюджеттік мекемелер жылыту маусымына 90 процент дайын көрінеді. 

Құдайберген Қорғанбаев, облыстық энергетика және ткш басқарма басшысының орынбасары:

- Небәрі 20 мыңнан астам көмір сатылды деп осы жеке кәсіпкерлер бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар. Солардың ақпаратына сәйкес. Енді бағасы қандай болмақ? Жалпы облыс бойынша тіркелген баға бүгінгі таңда көмірдің сапасына және де фракциясына деп айтамыз ғой. Ол шамамен 11 мың мен 14 мың арасында құрап отыр. Көмір қымбаттай ма? Жалпы ондай бүгінгі күнге ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Тікелей бізге разрезден келеді. Ол жақта баға бүгінгі күнге тұрақты. 

Жалпы аймақ тұрғындары қыстан қиналмай шығу үшін 255 мың тонна көмір қажет. Ал әзірге оның 50 мың тоннасы нарыққа сатылымға шығарылған. Баға тұрақты. Тек тұрғындар асығар емес.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы