389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апат болған жерге жақын ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

  • 274
  • UPD: 10:47, 16.09.2019

Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, оқиға бүгін кешкі сағат жетіден өте Аксеңгір-Шамалған өткелінде болған.

Екатеринбург-Алматы автожолымен жүріп келе жатқан қоғамдық көліктің жүргізушісі дабылды елеместен, темір жолға шығып кеткен. Ал, қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз тоқтай алмай, жолындағы автобусты ұшырып әкетті. 

Руслан Иманқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі: 

- Алғашқыда жол көлік оқиғасынан 2 адам мерт болып, 9-ы жараланды деген ақпар тараған. Кейін нақтыланған деректер бойынша 1 адамның көз жұмып, 3 жолаушының жарақат алғаны белгілі болды. Алдын ала ақпараттар бойынша қаза тапқан азамат автобус жүргізушісі. Қазір осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Істің барысын Бас көлік прокуратурасы өз бақылауына алды. Қазір жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа байланысты жедел штаб құрылды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Қазір онда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады.

Ал ҚР ІІМ өкілдері пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. Қазіргі уақытта Ақсеңгір-Шамалған бағытындағы теміржол қатынасы қайта ашылды.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы