389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апат куәгерлері: Автобус жүргізушісі соңына дейін жолаушыларды құтқаруға тырысты

  • 265
  • UPD: 13:16, 16.09.2019

Кеше кешкісін, дәлірек айтқанда сағат кешкі жетіден кеткенде темір жол өткелінде қалып қойған автобусты пойыз соқты.

Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды. Бір әйел екі баласымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Бас көлік прокуратурасы оқыс оқиғаны өз бақылауына алды. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі арнайы комсиссия құрды. Апат куәгерлерінің айтуынша, өткелде қалған автобус жүргізушісі ақырына дейін жолаушыларды құтқаруға әрекеттенген. Артқы есікті ашып, азаматтардың шығуына мүмкіндік жасаған. Алайда өзі шығып үлгермеген. Апаттың нақты қалай неден туындағанын құзырлы органдар анықтайды.

Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа байланысты жедел штаб құрылды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Қазір онда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады.

Шамалғандағы апат болған жерге жақын ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ал ҚР ІІМ өкілдері пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. Қазіргі уақытта Ақсеңгір-Шамалған бағытындағы теміржол қатынасы қайта ашылды.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы