389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апаттан кейінгі жағдай: тікелей қосылым

  • 213
  • UPD: 14:43, 16.09.2019

Алматы облысының Шамалған станциясында болған жол апатынан зардап шеккен үш адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Арнамыздың түсіру тобы жарақат алғандардың жағдайы туралы білді.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа байланысты жедел штаб құрылды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Қазір онда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады. ҚТЖ зардап шеккен келіншекке материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады. Алматы-Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан жарақат алған үш адам ауруханада жатыр. Яғни 1986 жылғы Жәнібекова Эльвира және оның 2014 және 2016 жылдары туған екі қызы Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр. Науқастарға еліміздегі білікті нейрохирургтар көмек көрсетіп жатыр.

Шамалғандағы апат болған жерге жақын ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ал ҚР ІІМ өкілдері пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. Қазіргі уақытта Ақсеңгір-Шамалған бағытындағы теміржол қатынасы қайта ашылды.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы