389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ерекше балаларды үздіксіз қолдау шаралары қолға алынуда

  • 239
  • UPD: 14:43, 08.10.2019

«Әртүрліміз - бірдейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасы аясында «Дара» қайырымдылық қоры «Samryk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ерекше балаларды нәресте кезінен бастап мектепке барғанша үздіксіз қолдау үлгісін жасау жолында жұмыс атқаруда.

Бұл жағдай Петропавл қаласының психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің тәжірибесінен алынған. Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті білім беру саласындағы бөлек арнайы ұйым – онда ерекше балаларға әртүрлі мамандар тегін қызмет көрсетеді, ол балабақша мен мектепке бейімдеудің алғашқы сатысы іспеттес.

«Samryk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен он бір психологиялық педагогикалық түзету кабинеті және елімізде инклюзивті білім беретін 9 ресурстық орталық ашылды.

Хабар 24 телеарнасы