389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағындағы автокөлік жолдарының бойында 1058 теміржол қиылысы бар

  • 171
  • UPD: 21:01, 16.09.2019
Ел аумағындағы автокөлік жолдарының бойында 1058 теміржол қиылысы бар

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Екатеринбург-Алматы автожолының Шамалған ауылынан өтетін бөлігі 2003 жылы жөнделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство өкілдері жол бойындағы өткелдің де талапқа сай екенін айтып отыр. Жалпы ел аумағындағы автокөлік жолдарының бойында 1058 теміржол қиылысы бар. 9 өткел «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында жаңадан салынған. Алматы облысында тағы 3 жол өткелі қайта жаңғыртылған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жақын арада 11 қиылысты талапқа сай жабдықтау жоспарланып отыр. 2017 жылы Шамалған ауылынан 7 шақырым жерде теміржол өткелі салынған екен.

Хабар 24 телеарнасы