Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыз өткелдерінде көпір қашан салынады?

  • 186
  • UPD: 20:52, 16.09.2019

Ақсеңгір - Шамалған пойыз өткеліндегі қайғылы жағдайға ұқсас оқиға елорда да болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас қалада қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысқан. Әйтеуір жолаушылары жоқ. Автобус жүргізушісі қызметінен кетті. Мұндай жәйттердің жиілеп кетуіне не себеп? Яки кім кінәлі?

Ия. Өткелден өте алмай қалған. Бұл жағдай 13 қыркүйекте таңғы уақытта болыпты. Алайда видеосы желіде бүгін жарияланды. Оқиға орнына келген полицейлер №53 бағытта жүретін автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Тексеру жүргізілуде.

Жә. Бұл елордадағы Байқоңыр ауданына қарасты Өндіріс тұрғын алабына кіреберістегі пойыз өткелі. Мұнда да жағдай мәз емес. Халық арасында «Лесозавод» аталып кеткен аймақтың тұрғындары пойыз өтсе болды, кептелісте тұрады. Минуттап емес...

Блиц:

Бір сағаттап тұрып қаламыз. 40 минуттай тұрып қаламыз.

Пойыз өткелі болған соң қауіп басым. «Өндірістің» халқы өзге емес осы өткелден үрейлененді. Себебі...

Күлпәш Қабылдинова, қала тұрғыны:

Үйде балабақшаға баратын, мектепке баратын балалар бар. Оны мынаған дейін алып келеміз. Алып кетеміз. Кемпір-шалмыз. Сөйтіп жүреміз. Ал, жол жабылса тұрамыз.

Не себеп? Осының бәрі неден болып отыр?

Осының бәрі осы өткел салынбайды, переездің жабылып қалғанынан болып жатқан жағдай.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Міне, пойыз өтіп жатыр. Бас-аяғы бірнеше секундтың ішінде ұзыннан ұзақ кептеліс пайда болды. «Ал күніне бұл маңнан кем дегенде 15 пойыз өтеді», - дейді мұндағы жұрт.

Жиырма бес жылдан бері мәселе шешілмеген. Әсіресе, кешкі уақытта үйлеріне қайтқан тұрғындар кептелісте тұрып телміреді. Кейбірі ашуға бой алдырып, пойыз өтіп жатса да, темір жолды кесіп кете береді. Жаяуы да, көлікке мінгені де.

Жә. Жалпы елорда осы күні 8 пойыз өткелі бар. Соның ішінде темір жолдың үстінен өтетін өткел төртеу ғана. Ал, «Өндіріс» тұрғын алабында көпір 2022-2023 жылдары салынбақ. Қазір жобасы әзірлену үстінде.

Руслан Темірханов, қалалық әкімдіктің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы:

- Болашақта Бейсеков көшесінде Конституция көшесімен Ақжол көшесі арқылы үлкен путипровод салынады. Сол кезде «Өндіріс» ауданының көліктері тек теміржолдың үстімен өтеді. Өтпелі жол салынады.

Жалпы қала бойынша өткел салу мәселесі алдағы алты жылдың ішінде шешілмек. Нақтырақ айтсақ, бас қаладағы темір жолдар көпірмен 2025 жылға дейін толықтай қамтамасыз етіледі.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы