389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығынға батқан қостанайлық шаруалар сақтандыру төлемін алудан үмітті

  • 183
  • UPD: 21:37, 16.09.2019
Шығынға батқан қостанайлық шаруалар сақтандыру төлемін алудан үмітті

Биыл қостанайлық шаруалар құрғақшылықтың зардабын тартып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, өңірдегі егін алқаптарының 60%-ке жуығы жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орташа астық түсімі гектарынан 5,9 центнер. Қамысты, Майлин, Жітіқара, Наурызым аудандарында бұл көрсеткіш оданда төмен, өнім небәрі 2-4 центнерден айналған. Тіпті түк шықпай қалған алқаптар да аз емес. Жалпы көлемі 100 мың гектарға жуық. Шығынға батқан шаруалар ең болмағанда сақтандыру төлемдерін алудан үмітті. Бірақ оның өзіне қол жеткізу оңай емес. Құжат дайындаудың әуре-сарсаңы көп. Әйтеуір осындай қиындыққа тап болған шаруаларға мемлекет кезекті рет жеңілдік жасап, қол ұшын созды.

Нұрсұлтан Қабделов, Қостанай ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:

- Көктемгі дала жұмыстарына алынған 13,6 млд теңге несиелерді пролангациялау жұмыстары жүргізіліп отыр. Сонымен қатар техниканы лизингке алған 3 млрд және 2,2 млрд ауылшаруашылық бағдарламалар бойынша несиелер бар. Сонымен қатар асыл тұқымды мал ұстайтын мал шаруашылықтарына үкімет резервінен 1,5 млд теңге мал азығына қарастырылып отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы