389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауынан табылған браконьер аулары өртеп жіберілетін болады

  • 177
  • UPD: 11:48, 17.09.2019

Өткен жексенбіден бері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауына браконьерлер құрған аулар жиналып алынып жатыр.

Осы мақсатқа Ақтауда арнайы экспедиция құрылған. Оның құрамында тәуелсіз экологтар, гидробиология және экология институтының қызметкерлері мен табиғат инспекторлары бар. Он адамнан құралған топ Түпқараған мүйісінде қазан айының ортасына дейін бақылау жүргізеді. Осы аралықта табылған ау-қармақтар сол жерде  өртеледі. Сондай-ақ су бетіне тасталған тұрмыстық қалдықтардың көзі жойылады. Айта кетейік, бүгінде Каспий итбалықтары жойылудың аз-ақ алдында тұр. Теңізге заңсыз құрылған аулардан жылына екі мыңға жуық су маржаны қырылады екен. 

Мирғали Баймұқанов, гидробиология және экология институтының директоры /Алматы/:

- Ұзындығы ондаған шақырым аулардың суға тастауы Каспий итбалықтарының қырылуына әкеп соғуда. Өйткені олардың қолына түспей қашып құтылған күнде де теңіз хайуаны ұзақ өмір сүрмейді. Ауға шырмалған итбалықтың өздігімен өмір сүруі екіталай. Бұдан бөлек теңіз жағалауына демалушылар қалдыратын тұрмыстық қалдықтарды жер ұшырып, айдынға түсіреді. Осының салдарынан табиғатқа орасан залал келуде.

Кирилл Осин, тәуелсіз эколог:

- Экспедиция жұмысына жергілікті жер қойнауын игеруші компания қаржылай қолдау білдіріп отыр. Біз осы іс-шаралар арқылы браконьерлердің жағалаудың қай бөлігіне ау құруға бейім екендігін анықтағымыз келеді. Сондай-ақ су бетінде қалқып жүрген пластик бұйымдар мен қоқыстар жиналып алынады. Тұрмыстық қалдықтарға не ауға шырмалған итбалықтар мен балықтарды мамандар суға жіберіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы