389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жаңадан салынған жолдар жұрттың көңілінен шықпай тұр

  • 176
  • UPD: 10:26, 17.09.2019

Маңғыстау облысының жұртшылығы жаңадан салынған автожолдардың сапасына наразы. Жаңғыртылған жолдар көп ұзамай, жарамсыз күйге қайта түсіп жатыр, дейді тұрғындар.

Халықтың өтінішіне орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында аймақтағы барлық жолдарға кешенді тексеріс басталды. Сала мамандары мен қоғам белсенділері бар арнайы топ жолдардың сапасын анықтап, бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалғанын тексереді. Алғашқы рейд Жаңаөзеннің іргесінен басталатын «Ата жолы» жолынан басталды.

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Мына жол Бекет ата, Шопан ата сынды жерасты мешіттеріне апарады. Ұзындығы 97 шақырым. Киелі жерлерге зиярат етушілер мен туристер санының артуына орай, бұл қара жол қайта жаңғыртылып, асфальт төселуде. Бұл жолмен қазір тәулігіне 500-ге жуық көлік жүріп өтуде. Ал, болашақта оның саны 2 мыңға дейін артпақ. 

Жол құрылысының тең жартысы аяқталды. Ел қазынасынан 5 миллиард 600 миллион теңге жұмсалды. 4-деңгейлі жолға жергілікті құрылыс материалдары қолданылған. 

Болат Ережепов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Екінші кезеңі бойынша қазір біз атаның басынан жүргізіп жатырмыз құрылыстарды. Ол 51 мен 97 шақырым. Оның аяқталуы негізінен 20-шы жыл. Бірақ біз қазір республикалық бюджетке өтінім беріп, осы жылы аяқтап тастауға қазіргі таңда мердігер мекеме жетпей жатқанын өз ақшасына салып жатыр. Сол сияқты біз ұсынысымызды беріп, Үкіметтен, республикалық бюджеттен осы жылы аяқтауға қолдау табатын сияқтымыз. 

Тұрғындар салынып жатқан жолдың сапасына алаңдаулы. Себебі облыста осыған дейін пайдалануға берілген автожолдарға арыз айтқандар көп. Жұртшылық жаңа жолдардың сапасыздығы туралы әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Қоғам белсендісі Сағат Мұңалбаев та өз парақшасында жолдардың жағдайын суретке түсіріп, мәселені жүйелі түрде көтеріп келеді. 

Сағат Мұңалбаев, арнайы мониторинг тобының мүшесі:

- Өзім «Жетібай-Шетпе» жолдарында көп жүрем, өзім Шетпенің тұрғыны болған соң. Шағым көп сол жолда. Жаңа машинамен келе жатқанның өзінде де ескі жолда жүріп келе жатқан ұқсап, машинамыз қозғалады. Өз-өзінен қозғалып, толқындап жатыр жол деген. Ар жағы жүк көліктерінен болып тұр ғой, ауыр салмақпен жүреді, салмақты есептемейді. 

Халықтың шағымына орай жемқорлықпен күресуші қызметкерлер мен сала мамандары жаңа жолдардың сапасын тексере бастады. Құрылыс материалдарының құрамын анықтау үшін 97 шақырымды құрайтын «Ата жолының» 4 жерінен сынама алынды.

Бекболат Байдуллаев, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» бөлімшесі басшысының м. а.:

- Оның коэффициент уплотнениесін тексереміз. Воданасыщенностьтын тексереміз. Асфальттың. 2-3 күнде дайын болады. 

Егер жол талапқа сай салынбаған жағдайда, мерждігер мекеме қайта қалпына келтіруі тиіс. Талап орындалмайтын болса, жобаны жүзеге асыру ісі өзге компанияларға беріледі. Қазынадан шыққан әр тиын мақсатты жұмсалуы тиіс, дейді тексерушілер.

Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы