389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жүк көліктері басты жолдардың тас-талқанын шығарған

  • 171
  • UPD: 10:30, 17.09.2019

Қарағанды облысында ауыр жүк тасымалдайтын көліктер республикалық деңгейдегі жолдың тас-талқанын шығарған.

Қарағанды-Аягөз-Бұғаз бағытындағы жолға осыдан екі жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда оның бүгінгі жағдайы Қарақаралыдан қатынайтын көлік жүргізушілерінің көңілінен шықпай отыр. 

Қарқаралының кіре берісінде орналасқан көлік жөндеу орталығында жұмыс қайнап тұр. Мұнда күніне 30-ға жуық жеңіл көлік жөнделеді. Көлік иелері Қарағанды-Аягөз-Бұғаз бағытындағы жолмен жүру қиындап кеткенін айтады.

Серікбай Әбілқасымов, көлік жүргізушісі:

- Қарағандыдан Қарқаралыға әрең жеттім, жолда қатты соғып алдым, енді көліктің астында не болғаны белігісіз көрсетейін деп 00.37-00.48-жолды езіп жіберген,төмпешік төмпешік болып көтеріліп келкен жол. Енді жасауға тура келеді машинаны.

Осыдан екі жыл бұрын жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бір млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Мамандардың айтуынша, көліктер шамадан артық жүк тиеп алады екен. Көктем айларында Қарағайлы мен Матақ ауылы арасындағы теміржолды су шайып кетіп, енді ірі кәсіпорындар уақытша ашылған бекетке мыс концентратын жеткізу үшін осы жолмен қатынап жүр.

Айдар Мұқан, Қарқаралы аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Күндіз жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр теміржолдың. 5 қыркүйектен бастап жол жартылай ашылған болатын. 20 нан бастап жұмыстар толығымен аяқталып, қалпына келетін болады.

Жауапты компания республикалық маңызға ие жолды «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта салуды жоспарланып отыр. Әзірге жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны белгісіз, сондықтан көлік жүргізушілерінің осы жолмен қатынауларына тура келеді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы