389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар көбіне туристік сақтандыруды қай елдерге сатып алады

  • 187
Қазақстандықтар көбіне туристік сақтандыруды қай елдерге сатып алады

Қазақстандықтар орта есеппен жылына 10 миллионнан астам рет шетелге шығады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, 2018 жылы шетелге шығушылар саны 10,6  миллион адамды құрады. 

Қазақстандықтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина мен Таиланд елдеріне өте көп барады.

Шетелдерге барар кезде жазатайым оқиғалар бола қалған жағдайда медициналық көмекпен қамтамасыз ететін сақтандыру жүйесіне жүгінеді. Негізінде сақтандыруды виза қажет ететін елдерге барарда рәсімдейді. Олар: Шенген аймағындағы елдер, АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Таиланд.

Ал турды агенттік арқылы немесе туристік компания арқылы алған жағдайда компания сақтандыруды өзі жасап беруге міндетті.

Freedom Finance Life сақтандыру компаниясының мамандары қазақстандықтардың туристік сақтандыруды қаншалықты жиі және қай елдерге бару үшін сатып алатынын анықтады.

Бірінші орында Еуропа елдері тұр (24%). Туристік сақтандырудың болуы көптеген елдерге виза алу үшін міндетті талап болып саналады.

Екінші орын – Түркия (17%). Қазақстандықтар ең көп демалатын сүйікті демалыс орындарының бірі. Жыл сайын мұнда Бодрум немесе Анталия жағажайларында, Ыстамбұлда демалу үшін 100 мыңдаған отандасымыз барады. 

Үшінші орын – БАӘ (12%). Аймақтағы саяси тұрақсыздыққа  қарамастан Біріккен Араб Әмірлігіне баратын туристер ағыны соңғы жылдары тұрақты күйде қалып отыр. Жыл сайын орта есеппен 100 мың қазақстандық барып демалады.

Төртінші орында – Тайланд (8%). Қазақстанның сүйікті  демалыс орындарына Таиланд та кіреді. Алайда соңғы жылдары туристер саны өткен жылдармен салыстырғанда азайып барады. Орта есеппен жыл сайын 35-40 мың қазақстандық барады.

Бесінші орында Мысыр тұр (6%). Соңғы жылдары бұл елге біздің елден баратын туристер саны азаюда.

Дайындаған: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы