389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

  • 167
  • UPD: 11:36, 17.09.2019
Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды atpress.kz

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Жалпы, құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы – тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы – уақытша жұмыс орындары, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі – 32 мың, құрылыста – 30 мың, ал ауыл, орман және балық шаруашылығында – 24,8 мың.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылған.

Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.

Хабар 24 телеарнасы