389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жоспар бойынша 700 шақырым жол жөнделеді

  • 176
  • UPD: 17:04, 17.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша 700 шақырым жол жөнделеді.

«Тақтайдай түзу тас жол 130 ауылға жетеді» дейді мамандар. Елді мекендердегі су мәселесі де көп күттірмей өз шешімін табуы тиіс. 

Цветочки наши, за ними ухаживаем все лето, поэтому они у нас такие красивые... 

Бұл үйдің ауласы қашан да жайнап тұрады. Тұрғындар есік алдына гүл егіп, өз күштерімен тас жол салып алған. Бірақ негізгі көше шұрық-тесік еді. Биыл бұл мәселе шешімін тапты.   

Тамара Мосиенко, қала тұрғыны:

- Жол мәселесі ғана болды. Оның астында жылу желілері жатыр. Екі жыл бұрын оны ауыстырып, бәрі қопарылып қалған еді. Саз, шаңнан көз ашпайтынбыз. Енді міне жаңа асфальт салып берді. 

Биыл Петропавлдағы 60 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы асфальтталады. Күре жолдар да жөнделіп жатыр. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 37 млрд теңге бөлінген. Оған 700 шақырым жол төселеді.   

Рустам Ахметов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

- Бөлінген қаржы жолдардың сапасын 65 процентке көтереді. Жөндеу жұмыстары 130 ауылды қамтиды. Яғни оның шарапатын 95 мың адам көреді.

Жолдардың жөнделуі елдің емін-еркін қатынауына мүмкіндік береді. Сауда-саттыққа да тың серпін береді. Өңірде 2021 жылға дейін оңтүстіктен көшіп келушілерге 2 мыңнан астам үй салынады.  

Алма Махметова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Биылғы жылы облысымызда 428 жаңа үйлер салынады. Бұлар көшіп келген адамдарға арналған. Қазіргі кезде облысымызға 518 отбасы көшіп келді. Олардың құрамында 1599 адам бар. Осы отбасылар облысымыздың барлық аудандарында және Петропавл қаласында орналасқан.

Өңірде ауыз су мәселесі де шешімін тауып келеді. Биыл 70 ауылға тіршілік көзі тартылады. Ол үшін 9 млрд теңге бөлініп отыр. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы