389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғанда аймақ басшылары жергілікті халықпен кездесті

  • 174
  • UPD: 18:05, 17.09.2019

Пойыз бен қоғамдық көлік қақтығысқан Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындары көпір салуды талап етеді.

Халықтың көкейіндегі арыз-шағымы мен өтініш тілеген тыңдауға бүгін облыстық әкімдіктің лауазымды тұлғалары барды.

- Тұрғындардың арыз-шағымдары қаншалықты қанағаттандырылды?

Естеріңізге сала кетейік, осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады. ҚТЖ зардап шеккен келіншекке материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады. Алматы-Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан жарақат алған үш адам ауруханада жатыр. Яғни 1986 жылғы Жәнібекова Эльвира және оның 2014 және 2016 жылдары туған екі қызы Қарасай аудандық ауруханасында жатыр. 

Ал ҚР ІІМ өкілдері пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. 

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Алмас Сәдуақас, тілші

Хабар 24 телеарнасы