389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы жанындағы бала құқығын қорғау кеңесінің мүшелері Ақтөбеге барды

  • 208
  • UPD: 17:09, 17.09.2019

Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелері Ақтөбеге келді.

Бірқатар министрлік өкілдерінен құралған топ білім беру, медицина ұйымдары, құқыққорғау органдары және әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде болып, олардың жұмысымен таныспақ. Негізгі мақсат «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіруде ұсыныстар жинау және зерттеу. Бүгін кеңес мүшелері қаладағы бірнеше ұйымның жұмысын көрді. «Үміт» атты сәбилер үйіндегі 45 баланың жағдайымен танысты. Оның 13-і мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында. Түрлі диагноз бойынша есепте тұр. Ата-анасы олардан бас тартқан. 

Ырысты Жұмабекова, Nur Otan партиясы жанындағы республикалық кеңестің мүшесі:

- По периметру далада камералар бар, ал топтарда жоқ екен. Бұл енді, үлкен күрделі мәселе. Оны біз бақылауға қойып кетеміз. жасатамыз деген сияқты. Сонымен бірге, бұл балаларға әрбір шараларға қатынау үшін жақсы транспорт керек екен. Соны ойлап отырмыз, амандық болса, осындағы басшылардың құзырына жеткіземіз деп.

Хабар 24 телеарнасы