389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай сурет көрмесі өтті

  • 204
  • UPD: 19:23, 17.09.2019

Мәжілісте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай сурет көрмесі өтті.

Шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаттары және марқұмның отбасы мүшелері қатысты. Палата спикері жиналғандар алдында Марат Оспановтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, егемен еліміздің дамуына, елімізде парламентаризмді қалыптастыруға қосқан зор рөлі туралы, ғылыми қызметі мен адамдық ізгі қасиеттері жөнінде баяндады. Бұл көрме Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына арналған кешенді шаралардың алғашқы қадамы. Көрмеге Марат Оспановтың  бала кезінен Мәжіліс төрағалығына дейінгі өмір жолынан сыр шертетін суреттер қойылды.

Хабар 24 телеарнасы