389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық шаруалар жеңілдікпен берілетін дизельді алуға асығар емес

  • 176
Атыраулық шаруалар жеңілдікпен берілетін дизельді алуға асығар емес amt-k.ru

Атырау облысында да күзгі терім жұмыстары басталды.

Биыл облыс бойынша 5900 гектар жерге бақша өнімдері, 3069 гектарға мал азығы егілген болатын. Жалпы аймақта бес жүзге тарта шаруашылық егіншілікпен айналысады. Дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармайды мемлекет жеңілдетілген жүйеде несиеге береді. Алайда бір таңқаларлығы, әлі күнге бір де бір шаруашылықтан дизель отынына сұраныс түспепті.

Бахтияр Арыстанбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

– Атырау облысы бойныша күзгі дала жұмыстарына 180 тонна дизель отыны бөлінді. Шаруашалықтарға жеткізіп беру – 183 теңге, ал өздері тасып алғанда литрі 178 теңгеден. Ол электронды «Қолдау.кз» арқылы жүргізіледі. Өтінімдер болса, біз қабылдауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы