389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдықтар тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемеге 150 млн теңге қарыз

  • 199
  • UPD: 10:26, 18.09.2019

Оралдықтардың қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемеге берешек қарызының көлемі 150 миллион теңгеге жеткен.

Сол себепті қазір кәсіпорынның техникалық паркін жаңартып, жұмысшыларының жалақыларын көтеруге еш мүмкіндігі жоқ. «Апта сайын 500-ге тарта істі тиісті орындарға жолдап отырамыз. Алайда берешекті өндіру бойынша борышкерлерді сотқа беруден басқа ықпал ету тетіктері жоқ», - дейді кәсіпорын басшылары.

Айта кету керек, қаладан күніне 250 тоннаға тарта тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Ал оны полигонға жеткізуші кәсіпорынның қолындағы техниканың 80 процентін жаңарту қажет. Соған байланысты қоқысты дер кезінде жинауда қиындықтар туындайды. Қала аумағында пластик бұйымдарға арналған 500 контейнер қойылған. Тұрғындар қоқысты сұрыптап салуды меңгеріп келеді. Бірақ оны төгуге келгендегі мәдениеті әлі тым төмен, - дейді сала мамандары.

Рафхат Данағұлов, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарушы мекеменің басшысы:

– Тариф 200 теңгеге жетпейді, 193 теңге кісі басына. Жаңағы айтып кеткен 150 миллион теңге бір күнде қолымызға түссе, ең біріншіден техника алар едік. Екіншіден, жалақыны көтереміз.

Орынбасар Бисенғалиев, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі уақытта қоқыс контейнерлерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін 100 қоқыс контейнерін сатып алсақ, қазір 50 контейнер сатып алдық. Орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы сәтті пайдалана отырып, біз қала тұрғындарын қаламыздың адамдарын қоқыс шығаруға төлемді уақытылы кешіктірмей төлеуін сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы