389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда компьютер жабдықтары шығарыла бастады

  • 195
  • UPD: 22:16, 17.09.2019

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған жиыннан кейін Президент өңірдегі екі нысанды аралады.

Алғашқысы – тұрмысқа қажет заттарды шығарады. Мұнда ұзын-ырғасы 500-ге жуық өнім түрі әзірленеді. Шикізат та өзіміздікі. Дайын өнімдер ішкі нарықты қамтып, бір бөлігі іргедегі Ресейге экспортталады. Зауытта шамамен 200 адам еңбек етеді. Дені осы кәсіпорынға қарасты оқу орнында білімдерін жетілдірген.

Наталья Высотина, зауыт технологы:

– Әрине, маман тапшылығы бар. Өйткені біздің зауыт жыл сайын кеңейіп, шет мемлекеттерден жаңа жабдықтар жеткізіліп жатыр. Сол себепті біз қажет мамандарды өзіміз оқытатын болдық. Тегін білім береміз. Тіпті үздік оқығандарына шәкіртақы төленеді. Небәрі 3 жылда 250 маман дайындадық. Олардың 80 проценті осы зауытта еңбек етіп жатыр.

Осыдан кейін, Мемлекет басшысы Киров зауытына барды. Өндіріс орнында компьютер жабдықтарын шығаратын жаңа цех ашылған. Тың жобаны дамыту үшін мемлекеттен 2 млрд 200 млн теңге бөлінген екен. Баспа платалары әзірге осы зауытта ғана дайындалады. Келесі жылдан бастап дайын өнімдерді ішкі нарыққа жіберу көзделіп отыр. Цехта 15 адам жұмыс істеп жатыр.

Мәди Бектенов, байланыс құрылғыларын сату департаментінің директоры:

– Қазіргі таңда біз Қытайдың ең ірі коорпорациясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақын уақытта олармен маңызды құжаттар бойынша келісім жасалады. Соның негізінде, олар бізге компьютер дайындаудың технологиясын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы