389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандарға арзандатылған бағамен 75 мың тонна дизель отыны бөлінген

  • 180
  • UPD: 19:34, 17.09.2019
Қостанайлық диқандарға арзандатылған бағамен 75 мың тонна дизель отыны бөлінген АГРАРИЙ

Биыл қостанайлық диқандарға арзандатылған бағамен 75 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Бір литрі 187 теңгеден аспайды. Арзан отын орылатын егіс алқабының көлеміне сай тек қолма-қол ақшаға беріледі. Айта кетейік, биыл көктемгі дала жұмыстарына аймақта 71 мың тонна дизель отыны төмен бағамен берілген.

Думан Базарбаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

– Шілде, тамыз, қыркүйек айларында дизель отынына қатысты ешқандай мәселе туындамай, барлығы толығымен әкелінді. Қазіргі таңда қыркүйек айының дизель отындарын әкелу жұмыстары операторлармен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі күнге шаққанда зауыттардан қыркүйек айының 50 пайыз дизель отыны облысқа жөнелтілді және қазір жолда келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы