389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік диқандарға 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

  • 192
Ақтөбелік диқандарға 8,5 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бұл аймақтағы астықты орып алуға толық жетуі тиіс.

Жанар-жағармайдың құны нарықтағы бағадан 10 процентке төмен. Қажетті дизель отынын өңір көрші Атырау облысындағы мұнай өңдеу зауытынан алып отыр. Келісімшарт бойынша жағармайды шаруаларға оператор жеткізеді. Қазір өңірдегі астық алқабының 70 проценті бастырылды. Орташа түсім – әр гектардан 5,7 центнер. Егін ору науқанына мыңнан астам комбайн жұмылдырылған.

Асылхан Әбтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Шаруашылықтарға бір литрді жіберу бағасы 175 теңге, 50 тиын құрайды. Бұл нарықпен салыстырсақ, 9-13 теңге арзан болып тұр. Бұдан басқа, операторлармен келістік, егін жинау науқанында демалыс және мейрам күндері жұмыс істей береді. Жалпы біздің облыста ешқандай мәселе жоқ. Себебі 8 мың 500 тонна біздің қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы