389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 222 нысанды саудаға шығармақ

  • 220
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ 222 нысанды саудаға шығармақ

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қыркүйектің 24-і мен 26-сы аралығында 222 нысанды саудаға шығарғалы отыр.

Оның 125-і жер телімі, 35-і жылжымайтын мүлік болса, 62-сі коммерциялық нысан. Оларды заңды тұлғалармен қатар жеке адамдар да сатып ала алады. Сауда-саттық электрондық түрде, аукцион арқылы өтеді. Қазірге дейін мүлікті сату және активтерді қайта құрылымдау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде еліміздің ұлттық қорына 3,5 млрд теңге аударылған.

Ержан Елшібаев, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқарма төрағасы:

– Сатылатын мүлік нысандары еліміздің барлық аймақтарында, яғни қалалары мен ауыл аймақтарында орналасқан. Негізгі басым бөлігі – мүліктердің Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Бағалаушылардан кейін нақты оның нарықтық бағасы, яғни аукцион арқылы ашық сауда арқылы жүргізіледі. Сол кезде ашық сауда арқылы бірінші ағылшын тәсілімен, сатып алушылар болмаса, голландық тәсілмен төменге қарай жүргізіледі. Яғни нарықтық бағасы ашық сауда түрінде бекітіледі.

Хабар 24 телеарнасы