389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVIII отырысы өтеді

  • 217
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVIII отырысы өтеді

Ертең елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 18-отырысы өтеді.

Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға қатысу үшін қазақ елінің астанасына 14 мемлекеттің өкілдері келді. Олар негізгі төрт тақырыпты талқылап, әлемдегі қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасады. Сосын былтыр өткен 6-съездің қорытындысы сараланады. Бұдан бөлек, хатшылық отырысында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті жиыны қай уақытта өтетіні белгілі болады.

Алтай Абибуллаев, конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі н.назарбаев орталығының басқарма төрағасы:

– Бұл отырыстың ерекшелігі – Израиль мемлекетінен ашкенази және сефард өкілдері бірге қатысып отыр. Бұл дінаралық Қазақстанның жүргізіп отырған саясатына деген үлкен құрмет деп есептейміз. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан өзекті мәселелер талқыға салынады. Сонымен қатар 2018 жылы қазан айында өткен 6-съездің отырысына әр қатысушы ойын білдіреді, баға береді.

Хабар 24 телеарнасы