389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарқан ауданындағы сүт зауыты голландиялық технологиямен ірімшік жасай бастады

  • 209
  • UPD: 09:39, 18.09.2019

Ерекше тәсілмен дайындалатын өнім ұзақ уақыт сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан серіктестік өкілдері оны өзге облыстармен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Бекзат Мәсімов – сүт зауытының бас технологы. Ол голандиялық тәсілмен жасалған өнімнің талапқа сай болуын қадағалайды. Жаңа салаға ден қойған мамандар бүгінге дейін 60 тоннаға жуық сыр шығарған.

Бекзат Мәсімов, технолог:

- Бірінші рет шығарып отрығаннан кейін Алматы облысын қамтамасыз етіп отырмыз. Келесі жылы Қазақстанның түпкір-түпкіріне шығарып, шетелге шығарсақ деп отырмыз. Бас мақсатымыз - Президентіміздің жолдауында айтқанындай шикізатты дайын өнімге айналдырып, халыққа тиімді бағамен көрсету.

1964 жылғы зауыт тоқырау жылдары тұралап қалған. Ел еңсесін тіктегеннен бері өндіріс орны да жұмысын бастады. Қазір мұндағылар күніне 150 тонна сүт, құрт, май, ірімшік, айран шығарып отыр. Алдағы уақытта өнім көлемін көбейтпек. Ол үшін шаруалармен келсіссөз жүргізіліп жатыр.

Данияр Рақышев, өндіріс орнының менеджері:

- 6 шаруашылықпен жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізге сүт өткізеді. Және 5-6 шаруашылықтан келісім жүргізіп жатырмыз. Күніне қазір мысалы 15-20 тонна сүт болса, олар келісім жасасқан соң 5-6 тонна сүт қосылады.

Биылғы жолдауда бизнеске қолдау көрсету үшін 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, салықтан босатылатыны жазылды. Стратегиялық құжаттың осы тұсы кәсіпкерлердің көңілінен шығып отыр. Мемлекеттік көмек зауыттағы техникаларды жаңартып, халықаралық стандартпен жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. 

Авторлары: Шыңғыс  Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы