389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде өрт сөндірушілердің дайындығы тексерілді

  • 215
  • UPD: 09:16, 18.09.2019
Өскеменде өрт сөндірушілердің дайындығы тексерілді

Өскемен қаласындағы өрт сөндірушілер дайындығын пысықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу барысында мамандарға көпқабатты үйдегі тұрғындарды эвакуациялау міндеті жүктелді. Қаладағы Стрелка шағын ауданындағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы дабыл түсті. Көпқабатты үйдің ішінде әлі де адамдар бар екені хабарланды. Сондықтан өрт сөндірушілермен бірге құтқарушылар да іске кірісті. Үйді қою түтін басқандықтан, іште қалған тұрғындарға қауіпсіздік жастығы тәріздес үрлемелі құралмен секіруге тура келді. Екі адам 20 метр биіктен өздері осылай секіріп түсті. Ал үшінші тұрғын түтінге тұншығып қалғандықтан, оны құтқарушылар жерге зембілмен түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Тоқтархан Ерік, өрт сөндіруші:

Осындай биік ғимараттарда тұрғындарды куб жизни арқылы құтқару. Ол 3 минутта толығымен жайылады. 5 қабатты үйдің бесінші қабатына дейін арналған.

Хабар 24 телеарнасы