389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 46 мыңан астам адамға қосымша вакцина салынады

  • 201
  • UPD: 11:31, 18.09.2019

Солтүстік Қазақстанда қызылша дертіне қарсы иммундық екпе жүргізу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін облысқа 5200 дана қосымша вакцина бөлінген. Енді қараша айына дейін ол 20-29 жас аралығындағы азаматтарға қойылады деп жоспарланып отыр. Дәрігерлердің айтуы бойынша мұндай адамдардың саны өңірде 46 мыңнан асып жығылады. Қазір қаладағы барлық емханалар мен аудандағы ауруханалар толықтай қажетті перпараттармен қамтамасыз етілді.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыста биыл 280 адамнан зертханалық тұрғыда қызылша ауры расталды. Оның 52%-ін балалар құрап отыр. Ал осы індетке шалдыққандардың жартысынан астамы дер кезінде екпе қойдырмағандар болып шықты. Сондықтан күзгі иммундау жұмыстарын ерте бастап отырмыз.

Қазір өңірде 429 екпе қою бекеті жасақталды. 156 бригада аталған жұмыстармен айналысатын болады. Дегенмен, жергілікті халық аурудың алдын алуға асығар емес. Себебі тұрғындар вакцинаның сапасына алаңдаулы.

Блиц 1:

Екпені балаға қойып, экспермент жасау дұрыс емес. Оның сертификаты бар болса да, сапасы қандай екені белгісіз. Өткен жылы таныстарым қызылшаға қарсы вакцина қабылдап, арты қиынға соққан.

Блиц 2:

- Әлеуметтік желіден оқып, көріп жүрміз. Вакцинаның сапасына қатысты түрлі әңгімелер қаптап жүр. Сондықтан оны нәрестемізге қойдыртуға әлі дайын емеспіз.

Блиц 3:

- Соңғы рет екпе қойдыртқаннан кейін жарты жыл бойы емделдік. Балама жақпады ма әлде оның сапасы нашар болды ма белгісіз.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы