389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Нұрсұлтан – Павлодар – Семей автожолының учаскелері пайдалануға беріледі

  • 214
  • UPD: 14:18, 18.09.2019
Биыл Нұрсұлтан – Павлодар – Семей автожолының учаскелері пайдалануға беріледі obk.kz

Биыл Нұр-Сұлтан – Павлодар (161 шақырым) және Павлодар – Семей (46 шақырым) автожолының жаңартылған 5 учаскесін пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі айтты.

Учаскелердің жалпы ұзындығы 207 шақырымды құрайды.

«Бүгінде ұзындығы 166 шақырымдық Нұр-Сұлтан – Павлодар автокөлік жолындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Жолаушылар жол табанының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеп, жол белгілерін, қоршаулар мен қауіпсіз қозғалысқа қажетті өзге де жол элементтерін орнату жұмыстарын жалғастыруда», – делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, Павлодар – Семей автожолының ұзындығы 46 шақырым учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары біте келді. Аталмыш учаскелердегі қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылда толық аяқталады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы