389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның продакшн-студия жетекшілері Kyiv Media Week шарасына қатысты

  • 156
  • UPD: 14:32, 18.09.2019

Орталық және Шығыс Еуропаның теледидар, масс-медиа әрі киноөндіріс саласының өкілдері Kyiv Media Week шарасында бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылған форумға 37 елдің 800-ге жуық маманы қастысты. Бұл шараға Қазақстаннан атынан продакшн-студияларының жетекшілері қатысты.

Контент-индустрия, киноөндіріс, жарнама, түрлі жанрдағы сериал және анимация. Kyiv Media Week-тің күн тәртібіндегі тақырыптар сан алуан. Әсіресе, әлем бойынша сериалға деген сұраныстың артқаны жан-жақты талқыланды. Қазақстанның өзі бір жылда қырыққа жуық сериал түсірген. Келер жылы жаңа туындылар саны артады. Бұл туралы Қазақстандық продакшн студиясының жетекішісі Николай Пак мәлімдеді . «Әсіресе, қазақ тілді телесериалдарға сұраныс көп, - деді ол.

Николай Пак, Қазақстандағы продакшн-студияның жетекшісі:

Барлық әлем сериал түсіруді үйрене бастады десем артық болмас. Ең ірі корпорация болсын сериал түсіруді мықтап қолға алған. Біздің елде де бұл сала енді дамып келеді. Кейбір жоғары оқу орындарында өкінішке орай сценарий жазудың қыр-сырын үйретпейді. Бұл саланы әлем енді игере бастаған индустрия деп бағалауға болады.

Kyiv Media Week – ақпараттық қауіпсіздік мәселесін де көтерді. Сондай-ақ ақпарат таратудағы мемлекеттік қолдау, жаңалықтардың қаралымы және биыл алғаш рет Қырғызстан және Молдова сияқты елдердің медиа нарығы күн тәртібіне шығарылды.

Виктория Ярмощук, Kyiv Media Week шарасын ұйымдастырушы:

Биыл біз жаңа технология жайында көп айттық. Бұл сала күнделікті тұрмысымызды ғана емес, киноөндірісті де өзгертіп жатыр. Жасанды ақыл-ой, машинамен жұмыс жайлы баяндамалар оқылды. Контент өндірісіне блокчейнджді қолдану тақырыбы көтерілді.

Киев медиа-апталығында копродукция, яғни мемлекеттертің бірігіп түсіретін өндірісі тақырыбы назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, Қазақстан мен Украинаның бұл саладағы ынтымақтастығы артқан. Айталық, екі ел бірігіп, «Қасым» фильмін түсірген. Фильмде Қазақстанның Халық қаһарманы, даңқты батыры Қасым Қайсеновтың ерлігі баяндалады. Биыл Киев медиа-апталығы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

 

Хабар 24 телеарнасы