389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аталып өтті

  • 235
  • UPD: 15:16, 18.09.2019
Елордада «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аталып өтті

Атаулы датаға орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қазақстандық және шетелдік қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Ядролық соғыстың алдын алу және осы бағытта күш біріктіруге арналған маңызды мәлімдемелер жасалды. «Невада-Семей» қозғалысы құрылғанына 30 жыл болса да, өзектілігін әлі жойған емес әрі халықаралық қауымдастыққа үлгі-өнеге көрсетіп келеді.

Ядролық қару-жарақты қолдануға қарсы тұрушы қоғам белсенділерінің бірі ақын Олжас Сүлейменов «Невада-Семей» тәжірибесімен әлемдік альянс құрылғанын айтты. АҚШ пен Жапонияда осыған ұқсас ұйымдар да пайда болды.

Шара аясында жаппай қырып-жою қаруын таратпау және сынақ алаңдарын жабуға атсалысқан белсенділер мерекелік медальмен марапатталды.

Хабар 24 телеарнасы