389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Әнуар Әлмағамбетов ескек есуден халықаралық жарыста топ жарды

  • 166
  • UPD: 15:25, 18.09.2019
Қазақстандық Әнуар Әлмағамбетов ескек есуден халықаралық жарыста топ жарды

Словакия астанасында дәл осы спорт түрінен дәстүрлі турнир өткен болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Кәрі Құрлықтың ең мықты деген 500-ге тарта спортшысы жиналды. Жасөспірімдер арасында сынға түскен жерлесіміз 200 метрлік жекелей сында бірінші орын иеленді. Ал, 500 метрлік бәсекеде мәре сызығын екінші болып кесті. Осылайша, елордадағы №4 спорт мектебінің шәкірті халықаралық доданың жеңіс тұғырына екі рет көтерілді.

«Әнуар алдағы жылы ересектер арасындағы аламанға араласа бастайды және жас жігіттің осы спортта әлеуеті зор», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы