389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл көмір бағасы қымбаттай ма?

  • 309
Биыл көмір бағасы қымбаттай ма? elitar.kz

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көмірдің тұрақты бағасы белгілі болды.

Шұбаркөл көмірі – 11400 теңге, Екібастұз көмірі – 9500 теңге, Қаражыра 11 мыңнан 13 200 теңгеге дейін, ал Майкөбе көмірі 12 мың мен 12500 теңге аралында тұрады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

«Көмірдің бағасы өспеу үшін бақылап отыратын боламыз. Нұр-Сұлтан қаласы осы төрт өңірдің көмірін пайдаланады», – ол.

Сондай-ақ көмір бағасының қымбаттамағанын, былтырғы бағамен тұрақтап қалғанын айтып өтті.

Ал сапасыз және стандарттарға сай келмейтін көмірді анықтаған жағдайда, тұрғындар қала әкімдігіне немесе Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне хабарласып, мәселенің шешімін табуына септігін тигезе алады.

Авторы: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы