389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы мектеп басшылығы жылдамдықты тежеу белгісін орнатуды сұрайды

  • 207
  • UPD: 21:17, 18.09.2019

Бір үйдің үш бірдей баласын көлік қақты. Оқыс жағдай бүгін Алматының Алатау ауданындағы орта мектептің дәл жанында болған. Айта кетерлігі, сабақ басталғалы жолдағы келеңсіз оқиғалар жиілеген.  Алматы қалалық балалар ауруханасына күн сайын 200-ден астам оқушы түседі екен. 

Оқыс оқиға қаладағы 152 мектеп-гимназияның жанында болды. Таңертең үш баласымен рұқсат етілмеген жол тұсынан өтпек болған әйелді жеңіл көлік қақты. Куәгерлердің айтуынша, кінәлі жүргізуші аз уақыт бұрын осы Тәкежанов көшесіне тоқтап, адам түсірген. Сөйтіп орнынан енді ғана қозғалғанда жолдан өтіп бара жатқан балаларды байқамай қалған.

Нұржан Ақылбекова, №152 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Ол жерде оқыс оқиға ғой. Егер белгі тұратын болса ата-ана да белгі қойылған жерге тоқтамайтын еді. Жаңағы машина да өтпейтін еді. Енді бастауыштың баласын қалада алып-келіп атып кетеді ғой. Ата-анасы акеле  жатқанда осындай болды.ал ата-анасы жетектемей келе жатқанда қалай болады?

Көлік қаққан үш баланың жастары 5 пен 9 жас аралығында. Олар шұғыл қалалық балалар ауруханасы жеткізілді. 4-сыныпта оқитын қыз бала дәрігерлік тексерістен соң үйіне жіберілді, ал екі балаға ем көрсетіліп жатыр.

Дінмұхаммед Рузуддинов, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Тексеріс барысында іш пердесінің соғылуы деген диагноз қойылып, қазіргі жағдайда ауруханаға жатқызылды. Балалар өз есінде. Қазір емін қабылдап жатыр.

Көлік апатына ұшыраған балалар білім алатын 152 мектепте 3 мыңға жуық оқушы бар. Олардың тең жартысы екі ауысымда бастауыш сыныптарда оқиды. Күн сайын таңертең оларды ата-аналары осы Ақжазық пен Тәкежанов көшелерімен алып келеді. Мектеп жаны болғандықтан мұнда көлік жылдамдығы да көрсетілген. Алайда оны елемейтің есерсоқ жүргізуші көп. Сондықтан бұл көшеге қосымша көлік жылдамдығын тежеуіш белгілер керек» дейді ұстаздар. 

Нұржан Ақылбекова, 152 мектеп-гимназия директорының орынбасары:

- Сондықтан біз өтініш жасаймыз. Осындай бір жағдай болғанда ғана қимылдайды ма екен деген сұрағымыз да бар бір себептен. Баланың қауіпсіздігі үшін мүмкіншілік болса көмек беруін өтінеміз. Жол белгілерін қойып берсе.

Бұл өтінішті мектеп ұжымы Алатау аудандық әкімдігіне үш жыл бұрын жолдаған. Алайда қалалық полиция департаментінен Тәкежанов көшесіне қосымша жаяу жүргінші жолын орнатуға болмайтындығы жөнінде жауап келген. Ал, енді осы қиылыстағы қауіпсіздікті қатаң қолға алмайынша адам өмірі қиылып кетпеуіне кім кепіл?

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы