389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы табиғи қорық қызметкерлері дабыл қағуда

  • 293
  • UPD: 22:40, 18.09.2019

Суда құзғын көбейіп, балық азайып барады. Шығыс Қазақстандағы «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығының  қызметкерлері осылай деп дабыл қақты.

Мамандардың айтуынша  қорқау құстың бұл түрі бір күнде  5 келіге дейін  балық жейді. Соңғы 4-5 жылда  олардың саңғырығынан  қорықтағы ағаштар да қурап жатыр. Ал заң бойынша бұл  су құзғындарын атуға болмайды.  Қорық қызметкерлері мен мамандардың ұсыныс  пікірін әріптесім-Олжас Керейхан тыңдап қайтты.

Марқакөл.  Бұл мемлекеттің  ерекше қорғауындағы аймақ болғандықтан  осы  өлкедегі аң-құс адамнан көп қорықпайды.  Соңғы жылдары осы  қорықта  табиғи тепе-теңдік бұзыла бастаған. Оған әсер еткен  су құзғындары. 

- Бұл өте жыртқыш болып саналады. Балықты ұстаған жерінен жіберу өте қиын. Тісі сияқты аяқпен де ұстай алады.

Тояттаған кейбір су құзғындары тіпті биікке көтерліп ұша да  алмайды. Балықты ұстау әдісі де ерекше. 

Шәріпхан Жүнісов,  қорықшы:

- Балықтарды  өте тереңдікте 10-15 тереңдікке дейін түсіп, су астында 8-10 минутқа дейін шыдайды. Сосын олар балықты жаппай қаумалап әкеліп жаңаға шығарады, сосын талқандап жейді. Өздеріңіз көріп көріп тұрғандай мен мойнынан ұстап тұрғанымды. Мұның аузы өте қауіпті. Егерде қолңызды, басқа бір жеріңізді тістесе одан құтылу мүмкін емес. 

Орнитологтардың айтуынша су құзғындары өте өсімтал құс. Бір ұябасар 3-7  жұмыртқаға дейін шығарады .  Күзге қарай  одан  аз дегенде үш балапан ұшады. 

Олжас Керейхан, тілші:

-Еліміз бойынша өзен-көл және жасанды су айдыны ең көп өңір-Шығыс Қазақстан.  Сондықтан оның жағасын сан түрлі құс мекен етеді. Ал 2014 жылдан бері су құзғындары ерекше көбейген. Тек Марқакөл қорығында көктемгі санақта 1,5 мың су құзғыны болса, күзге қарай яғни күзгі балапан санау уақытында олардың саны  4-5 мыңға дейін жетеді. Құстың саны ұядағы жұмыртқаға сәйкес есептеледі. 

Марқакөлде ғана емес,Ертіс, Зайсан және Бұқтырма  қоймасының жағасында өте көп. Әсіресе балық уылдырық шашқанда және күзде шабақтар өзендерден көлге қайтатын кезде су құзғындары  қылғытады. Қомағай  құс күніне 3-5 келі балық жейді. Ал ұясын негізінен жерге салады. Қорықта көбейгені соншалық қазір әр бұтақтың басында бір ұя, бір құзғыннан отыр.   Құстың саңғырығынан өсімдік өспей, ағаштар да қурап жатыр.    

Рахат Айтқазин, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорықтың бөлім басшысы: 

- Өте үлкен проблема болып тұр қазір бізде. Шығыс Қазақстан облыстық ветеринарлық клиникаға да жаздық. Олар зерттеп, ия эпизотия-эпидемия болуы мүмкін деген хат жолдаған. Біз хатты, бақылау мен есеп көрсеткіштерін Нұрсұлтан қаласына, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне жіберіп жатырмыз.

Табиғатқа жауапты мамандарда құстың  бұл түрін азайтуға дәрмен  болғанмен заңды  пәрмен жоқ. Сондықтан қолданыстағы құжатқа тез арада  ұсыныс енгізуді сұрап отыр.

Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстарды пайдалану басқармасы  басшысының орынбасары:

- Тәжірибе бар әрбір әуесқой аңшы жүрген кезде қолында қару болады.Қасқыр атуға мүмкіндік бар. Дәл сондай мүмкіншілікті су құзғынын атуға берсе өте жақсы болушы еді.

Орнитологтар табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін су құзғындаран жұмыртқа кезінде санын азайтқан дұрыс деп отыр. Өйтпеген жағдайда өңірдің экожүйесі бұзылып, сирек кездесетін майқан сияқты бағалы балықтар құрып кетуі мүмкін.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы