389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Қайырымдылық керуені» байқауына өтініш қабылдау басталды

  • 229
  • UPD: 22:38, 18.09.2019

Атырауда «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды. Құжат қабылдау шаралары 29 қарашаға дейін жалғасады.

Қайырымдылық керуені екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жоба ізгілікті насихаттап,  азаматтық бастамаларды дамытуды көздейді. Жеңімпаздар жалпы 5 номинация бойынша таңдалады. Туған жерге белсенді және ақысыз көмек көрсеткен жомарт жандар да арнайы марапатқа ие болады. Байқау жеңімпаздары елордада 2020 жылдың ақпан айының соңында, Алғыс айту күні қарсаңында анықталады. Ұйымдастырушылар ҚР Тұңғыш Президенті қоры, Іскер әйелдер қауымдастығы мен «Хабар» Агенттігі. 

Нұрлы Әйтиева, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: 

- Атырау облысы белсенді облыстардың бірі. Былтыр 50 конкурснат болды.оны бізге іріктеуде өте үлкен жұмыс болды. Бірақ қуантарлық жағдай біздің елімізде, облысымызда өте жанашыр, патриоттық сезімі жоғары, қайырымдылық акицясын өткізетін кісілер аз емес. Соның ішнде тағы бір ерекше айтарлығы аудандардан да өте белсенді қатысты.

Хабар 24 телеарнасы