389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылу беру маусымында ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін

  • 251
  • UPD: 22:55, 18.09.2019
Жылу беру маусымында ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін

Жалпы елімізде 1 қазаннан бастап білім беру және медициналық мекемелерге, ал 15 қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беру басталады.

Бірақ температуралық көрсеткіштерге байланысты өзгерістер де болуы мүмкін. Бұл жөнінде индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жылу маусымына дайындық 1 шілдеде басталған. Осы уақытқа дейін теміржол көлігімен 24 млн тоннаға жуық көмір тасымалданды. Бұған қоса 10 мыңнан аса дербес қазандық пен 5 мың шақырымға тарта жылумен жабдықтау желілері жөндеуден өтті. Қазір кей өңірлерде жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда және алдағы бір ай көлемінде ол толық аяқтауы тиіс.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамудың бірінші вице-министрі:

- Министрлік жоспарына сәйкес, 1 қазанға дейін білім беру объектілері 100%, 15 қазанға дейін қалған нысандар жылыту маусымына дайын болуы тиіс. Әзірге білім нысандарының 99,6% жылытуға дайын. Батыс Қазақстан облысында 21 объектіде оқу процесіне әсер етпейтін күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы – 98,6%, тұрғын үйлер дайындығы – 94,9%.

Хабар 24 телеарнасы