389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында курорттық аймақ салынады

  • 210
Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында курорттық аймақ салынады

Ақтөбе облысы бойынша ең көрікті жер соңғы жылдары тұрғындар мен шетел азаматтарының жиі келетін орнына айналған.

Енді су жағасында туристер үшін жоғары сапалы қызмет көрсететін алаң құру жоспарланып отыр. Бұл аумақ саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясындағы өңірлік маңызы бар елдегі елу нысанның қатарына кіреді. Жалпы облыстың ішкі туризмін дамыту мақсатында жыл сайын 10 млн теңге бөлінеді. Былтырдан бері тарихи-мәдени нысандарды қамтитын бағыттар жасақталып, алты ауданда меймандарды күтетін қонақжайлар пайда болды. Бұдан бөлек, әйгілі әнші Димаш атындағы турбағыт құрылып, оның өнеріне тәнті болған Еуропа мен Азия елдерінің азаматтары да келіп тұрады. Өңірдің туристік картасы да жасақталған. Оның аясында меймандар қайда барғысы келетіні туралы өтініштерін қалдыра алады. Әрі қарай туроператорлар қызмет көрсетуге дайын. Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша аймаққа келуші туристердің саны 13 процентке өскен.  

Әуез Арызғұлов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы туризм бөлімінің бас маманы:

– Көбінесе туристер баратын орындардың бірі – Қобыланды батыр мемориалдық кешені, Абат-байтақ кесенесі, Есет батыр кесенесі. Оларға жылына 25 мыңдай адам барады. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін облыс аудандарында қонақ үйлер ашылған болатын. Олар аталған тарихи-мәдени объектілерінің жанында құрылған.

Хабар 24 телеарнасы