389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында күріш ору науқаны басталды

  • 209
  • UPD: 10:53, 19.09.2019

Биыл жетісулық дала еңбеккерлері 10 мың гектардан астам жерге осы дақылды сепкен болатын.

Соның басым бөлігі Балқаш ауданында егілді. Қазір сол аймақтың шаруалары әрбір жайма шуақ күнді тиімді пайдаланып, жаз бойы күтіп баптаған өнімдерін жинап жатыр.  

Санат Атеевтың шаруашылығы 15 жылдан бері күріш өсіруді кәсіп етіп келеді. Биыл олар 1600 гектар жерге осы дақылды сепкен болатын. Дала еңбеккерлері ала жаздай күтіп баптаған өнімін жинауға алғашқылардың бірі болып кірісті.  

Санат Атеев, шаруашылық директоры:

– Биыл өнім жақсы. Орташа есеппен алғанда 40 центнерден беріп тұр.

Қазір күріш ору науқаны басталған егістік алқаптарда жұмыс қызу. Серіктестікке тиесілі 30-дан астам техника дала төсін дүбірге бөлеп, қас қарайғанша тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. 

Балқаш ауданындағы дала еңбеккерлерінің дені күріш егеді.Осы жылы олар 8800 гектар жерді игерген.

Бүркіт Мұқанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– 1800 гектар шабылып, 400 гектар бастырылды. Жоспар бойынша 38,39 мың тонна өнім аламыз деп отырмыз.

Алматы облысындағы Балқаш және Қаратал аудандарында ғана күріш өсіріледі. Биыл осы аймақтардағы 10500 гектардан астам алқаптан 46 мың тоннаға жуық өнім жинау жоспарланып отыр.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы