389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал теңізінің құрғаған жеріне 156 мың гектардан астам өсімдік егілді

  • 325
  • UPD: 16:18, 19.09.2019

Арал теңізінің құрғаған табанын орманға айналдыру – отандық экологтардың басты мақсаттарының бірі.

Ел аумағындағы жасыл желек қорын сақтау және көлемін ұлғайтуды көздеген жоба аясында теңіз ұлтанына 156 мың гектардан астам шөлге төзімді өсімдіктер егілді. Соры шығып, құмы ұшқан жерді қалай көгалдандыруға болады?

Арал теңізінің өлі табанындағы тіршілікті тірілту мақсатындағы жұмыстар 90-жылдардан бері жалғасып келеді. Орманшылар сексеуілді көшеттеп те, тұқым түрінде де егеді. Шөлді жерде өсімдіктің тез көктеуі үшін жер дайындау жұмыстарына ерекше мән беріледі, дейді мамандар.

Бектемір Жүсіпов, «Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ орман шебері:

– Жыртып бір жыл бұрын дайындап қоятын себебіміз, жердің бетіндегі өсімдіктер сол жыртқан жерімізге толу керек. Екі жыл бұрын дайындаймыз. Жыртқан жеріміз шөпке толғаннан кейін, соның үстін қайтадан жыртып, сексеуіл көшетін егеміз.

Бұл игілікті іске Оңтүстік Корея мемлекеті де қол ұшын созды. Олардың қаржысы есебінен Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қоры арқылы өткен жылдан бастап 10 мың гектар аумаққа сексеуіл отырғызу басталды.

Сон Йо-Хван, Корей университетінің профессоры:

– Біз әлі де Арал теңізінің миллиондаған гектар құрғаған табаны бар екенін білеміз және біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. Арал теңізі проблемасын шешу үшін тығыз халықаралық ынтымақтастық қажет. Сексеуіл алқаптарын қоса алғанда, әртүрлі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жобалар қажет. Мен жақын болашақта Арал теңізінің жасыл-желекті ауданын көремін деп үміттенемін.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Жыл сайын Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 2,5 мың гектар сексеуіл егіледі. Оның көшеттері мына тəлімбақта дайындалады. Мұнда жаңа технологияны пайдалана отырып, екі гектар аумақта 400 мың түп көшет өсіріледі.

Мамандардың айтуынша, сексеуілдің өсуі жоғары көрсеткішке жеткен. Соңғы 25 жылда Аралда 156 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызылған.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Енсебаев, Айтмухамбет Байдулдаев

Хабар 24 телеарнасы